«Ер есімі - ел есінде» іс - шаралар жоспары аясында, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай, мектебімізде 1 - 11 сыныптар арасында сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен тақырыптық сынып сағаттары өткізілді.
Іс - шараның мақсаты - оқушылардың бойында патриоттық сезімді, өз халқының ерлікке толы өткеніне деген мақтаныш пен соғыс жылдарындағы Кеңес халқының ерлігіне құрмет көрсету, ардагерлерге деген сыйластықты тәрбиелеу болды.
Оқушылар қазақстандықтардың Жеңіске қосқан үлесі туралы мәлімет алды, деректі хроникаларды тамашалап, майдангер батырлар туралы әңгімелерді тыңдап, қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Өткізілген сынып сағаттары «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы патриоттық тәрбиенің маңызды бөлігіне айналып, халық ерлігі жас ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталатынын еске салды.