2025 жылғы 21 мамырда «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қарасу ауданы білім бөлімінің Целинная жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында, Қарасу ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы - УПИ ЖПҚБ ПБ полиция капитаны Тастайбаев Ш.А. - ның қатысуымен 5 - 11 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізілді.
Әңгіме барысында қозғалған тақырыптар:
- «Бөтен мүлікті ұрлауға жол жоқ»
- «Есірткіге Жоқ!»
- «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»
- «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс - шарасы аясында Кездесу барысында ҚР ӘҚБтК - нің 127-бабынан 620 - бабына дейінгі баптардың негізгі ережелері түсіндіріліп, құқық бұзушылық әрекеттердің заңдық салдарына назар аударылды. Сонымен қатар қоғамдық орындар мен жолда өзін - өзі ұстау ережелерін сақтау бойынша ұсыныстар берілді.