«Адал азамат» бірыңғай тәрбиелік бағдарламасы аясында КММ «Целинная жалпы білім беретін мектебінде» «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Оқушылар еліміздің бай тарихы, мәдени мұрасы және табиғат сұлулығы туралы әңгімелесті. Әңгіме барысында олар үшін Қазақстан азаматы болу нені білдіретіні, қандай құндылықтарды ең басты деп санайтыны және әркімнің Отан дамуына қандай үлес қоса алатыны туралы өз ойларымен бөлісті.