“Мамандықтар әлемі”: кәсіптермен танысу
“Біртұтас тәрбие” бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру және кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарын орындау аясында сынып жетекшілері “Мамандықтар әлемі” тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.
Іс - шара барысында оқушылар әртүрлі мамандықтармен танысып, сұранысқа ие кәсіптер туралы мағлұмат алды, сондай - ақ табысты мансапқа қажетті дағдылар мен қасиеттерді талқылады. Сынып сағаттары білім алушылардың кәсіби даму жолдары мен болашақ мамандығын саналы түрде таңдауы туралы түсініктерін кеңейтуге көмектесті.