2025 жылғы 15 мамыр күні КММ «Целинная жалпы білім беретін мектебінде» 10 - сынып оқушылары арасында «Мен не істеуге болмайтынын білемін» тақырыбында эссе жазу акциясы өтті.
Оқушылар өз жұмыстарында ақпараттық кеңістікте жауапты және қауіпсіз мінез - құлық ережелері туралы жеке ой - толғауларын білдірді. Эсселер жасөспірімдердің киберқауіпсіздік, цифрлық сауаттылық және желідегі қарым - қатынас мәдениеті мәселелеріне саналы көзқарасын көрсетті.