Оқушылардың салауатты рухын нығайту және белсенді өмір салтының құндылығын қалыптастыру мақсатында КММ «Целинная жалпы білім беретін мектебінде» Денсаулық күні өтті.
Іс - шара «Адал Азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Оқушылар үшін спорттық эстафеталар, сонымен қатар теннис пен дойбыдан достық жарыстар өткізілді. Бұл күн балаларға қуат, жағымды эмоциялар және командалық бірлік атмосферасын сыйлады.