Бұл шара достықтың, мәдениеттің және өзара түсіністіктің нағыз мерекесіне айналды.
Оқушылар 11 ұлттың өкілдерін таныстырды: қазақтар, орыстар, украиндар, белорустар, немістер, қытайлар, арабтар, тәжіктер, өзбектер, шешендер, үнділер. Әр сынып дайындыққа жанын салды, көрермендер нағыз көпұлтты бірліктің атмосферасын сезінді.
Фестиваль үш номинация бойынша өтті:
Ұлттық киімдер дефилесі - қатысушылардың бейнелері шынайылығымен және сұлулығымен таңғалдырды;
Өнерпаздық қойылымдар - туған тілдерінде әндер, билер, сахналық көріністер көрсетілді;
Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі - махаббатпен дайындалған тағамдар түрлі ұлттардың асханасын татуға мүмкіндік берді.
Барлық қатысушылар мен қонақтарға қолдауы, шығармашылығы және бір - бірінің мәдениетіне деген құрметі үшін алғыс білдіреміз!
Біз - өз алуандығымызда біргеміз!