«Адал азамат» жоспарын іске асыру аясында Қарасу ауданы білім бөлімінің «Целинная жалпы білім беретін мектебінде» мемлекеттік органдар өкілдерімен бірлесіп 1 - 4 сынып оқушылары үшін түсіндірме әңгіме өткізілді.
Талқыланған мәселелер:
▪️ кәмелетке толмағандардың үлкендердің еріп жүруінсіз сағат 23:00-ден кейін қоғамдық орындарда болуы;
▪️ жол жүру ережелері;
▪️ құқық бұзушылықтың алдын алу;
▪️ жедел қызметтерге жалған қоңырау шалғаны үшін жауапкершілік;
▪️ психоактивті заттарды қолданудың алдын алу.
Іс - шара балаларда жеке қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
