Форум заманауи білім беру технологияларына, оқытудағы цифрлық құралдарға және тиімді оқыту әдістеріне арналды.
Әсіресе, болашақ педагогтар үшін жаңа білім мен тәжірибелік дағдылар сыйлаған қызықты баяндамалар мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, бұл іс - шара оқушыларымыз үшін пікірлес, мақсаттас жастармен танысуға керемет мүмкіндік болды.
Біз өзекті педагогикалық мәселелерді талқылап, тәжірибе алмастық» - деп өз әсерімен бөлісті қатысушылардың бірі.
«ІTeacher» форумы маған көп позитивті эмоция сыйлап, жаңа идеяларға шабыт берді және пайдалы таныстықтарға жол ашты. Ұйымдастырушыларға сапалы дайындық пен нәтижелі атмосфера үшін үлкен алғыс!»
Форумға қатысқан оқушыларымыз қандай нәтижелермен оралды?
«Үздік ІTeacher's Apps IT - секциясы» номинациясы - 1 орын: Ковалева Дарья;
«2025 жылғы педагогикалық сыныптың Үздік оқушысы» номинациясы - Ковалева Дарья;
«ІTeacher» сертификаты - Рамазанова Жасмин;
«STEM - лабораториясы» - Ибрагимов Богдан, 3 орын;
«Үздік педагог - тәлімгер» номинациясы - Қуанышбаева Аяна Танатқызы.