«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектебімізде 1 - 3 сынып оқушыларына арналған «Салауатты өмірге қадам» атты тақырыптық қауіпсіздік сабақтары өткізілді. Сабақ барысында балалар салауатты өмір салтының негіздерімен, жеке гигиена ережелерімен, үйде және көшеде қауіпсіз мінез - құлық ережелерімен қолжетімді әрі қызықты түрде танысты. Оқушылар белсенді түрде талқылауға қатысып, өз білімдерімен бөлісіп, қызықты сұрақтар қойды.